SAGA, (Даниела Зеел)
Өлеңдер
Weather Reports You Roni Horn Wird, wenn ich meine Hand ausstrecke, Meer zu mir kommen, ein Stein? Harsche Anmut in einer Rückenlinie, richtet mich aus ohne Willkür, so bin ich hier. Und mit mir ein Schwindel von Leere, einer Welt, die nichts zurücknimmt. Dieses Gefühl unterbrechen. Wenn ich Leere sage, meine ich mehr als von Menschen leer? Mit Brotsuppe Apokalypse anstimmen, oder Liebe, Zufall, Klischee. Why should I want to be in the picture anyway? Ich muss nach dem Wetter sehen. Seiner zerzausten Gegenbewegung. Alle Gefühle sind wahr Jeder hier ist übers Wasser gekommen. Wie sie werde ich Hunger spüren. Dunkel, Wüste. Berührung. Den versunkenen Wald unter Cardigan Bay, auf den ich von Ty Newydd aus schaute, ohne ihn zu sehen. Was hat die Hekla damit zu tun, die Katla, Laki, der Inselbergegletscher? Oder Dürren in Ägypten, Französische Revolution. Ich meine das nicht monokausal. Ich kam durch sichere Drittstaaten, Sporen am Schuh. Ich rechne mit Konsequenzen. Wie Kontinente millimeterweit reißen und unter Ascheregen die Sicht verschärfen. Auf das Grün von 600 Sorten Moos. Einträge hellster Endlichkeit. Gudridur Thorbjarnardottir, Enkelin eines britischen Sklaven, reiste um das Jahr 1000 von Norwegen nach Island, Grönland, Vinland, Grönland, Norwegen, Island, Rom, Island. Wo sie überall auf menschliche Siedlungen traf und das erste europäische Kind auf amerikanischer Erde gebar, Snorri Thorfinnson. Das ist weiter als Leifur Eriksson, der eine Zeit lang ihr Schwager war. Aber kaum weiter als 500 Jahre später Enrique Melaka, malaiischer Sklave und Übersetzer in der Flotte Magellans. Kein Überleben ohne Schifffahrt. Keine Schifffahrt ohne Umsatz von Körpern in Arbeit, Ware, Schweigen, Mission, Kapital. Die Botanik nennt Moose auch Pionierpflanzen. Sie sagt, Pioniere benötigen Dutzende Jahre, um auf frischer Lava zu wachsen. Kein Lebensraum, wo Wasser nicht fließen, einsickern kann. Und wieder Dutzende nach ihrer Entwurzelung durch Trampeln und Grasen. Inzwischen sollen ausgebrachte Alaska-Lupinen Sedimente bilden auf von Mensch, Vieh, Klima hinterlassenen Wüsten. Degradationsgrade. Möglichkeitssinn. Im Ziehen von Bedürfnis und Erosion flüchtig Balancen finden. Wo etwas durch Aussparung an Konturen gewinnt. Ich meine das nicht als Metapher. Ich meine die Art Fiktion, die aus Fakten entsteht. Mein Handeln in Selektion überführt. Träumte wieder von Unterwerfung. Momente völliger Reglosigkeit. Woher all die Wasser? Nebel, Gischt, Wolken, Firn, Eis, Regen, Schnee – In ihre Dichte eintreten. Die leer ist. Endloses Schwingen darin. Übt mich in Positionierung. Überempfindlich. Nicht empfindlich genug. Träumen Vögel vom Ufer? Oder von ihrem Ozeanflug? Aus meiner Hand steigen Raben. Ihre Augen schauen, mehr als meine, nach Ländern hinter dem Meer.
Ауа райы хабар берер. Рони Хорн Қол созам үмітке, Теңіздей сенім толқиды. Жақындамай тас болып, Көңілсізденіп мүлгиді. Айналып басың кетердей, Көңілде біреу тұрады. Жаныңа ылғи күш берер, Жүректе сезім хабары. Жауырынымды қаратсам, Арқамда айым қалқиды. Серік боп саған аппақ ай, Толқытып бойды балқиды. Өтті де кетті уақыт, Басыңда дәурен тұрмайды. Бақытқа қолды созбасаң, Жараңды бос сөз тырнайды. Артық сөз айтсаң өрекпіп, Сезімнен селкеу сезгендей. Махаббат бойды билейді, Апокалипсистен үкім келгендей. Белгісіз жанды күткенмен, Барлық сезім шынайы. Келер күн сенің арманың, Уақыт бәрін ұрлайды. Су үсті – тілсіз әлем құшағы, Мәңгілік тербеліп тұрады. Аштықты сезінсең қамығып, Көңілдің көбейер мұнары. Қараңғы қойыла түскенде, Аңсайсың алыстан жағаны. Шөлдей бір шөліркеп кенезең, Өзегің өртеніп жанады. Қысылып, қымталсаң мейлінше, Көзіңнен ыстық жас тамады. Ботаника топшылаған кесім ғып, Біз білеміз лавалардың күшін нық. Жанартаудың балқымасын қақ жарған, Қына еді ең алғашқы өсімдік. Су ақпайды, өте алмайды демеңіз, Ол өмірге нәр берерін білеміз. Түп-тамырың үзілгенде нәрінен, Керексізге айналады денеңіз. Климаттың өзгерісі тудырған, Бөрібұршақ тұқымдары бүр жарған. Шөл жалмаған тіршіліксіз өңірлер, Аляска шөгіндісін тұрғызған. Топалаңы шықса-дағы қара жер, Жетелейді ертеңіңе үміттер. Беріктік пен мүжілудің тартысы, Тепе-теңдік күресіне жетелер. Сұлбасындай шексіздіктің көз жетпес, Одан ары ұлғайтуға сөз жетпес. Ең әсілгі дерегіңнен адассаң, Ешкімге де сұрыптауды үйретпес. Өмір иіріміне құладым, Еш өкінбеуге бекідім. Мен кіммін енді? Бірде денем жауынды сезінді. Су көбігіне тұншықтым, Төбемнен тұман төнеді. Тереңдеп кетіп барамын, Тасқа да маңдай тірелді. Қар менен мұз қарыған, Жаным да менің сірі еді. Тұңғиық тереңге баттым да, Тербеліс торлады көзімді. Бостыққа барам жұтылып, Кіналасам да өзімді. Су үсті тірлігі елестеп, Шарасыз үміт үзілді. Қанатты құстар зуылдап, Су шайған жаға көрінді. Телегей теңіз мұхитта, Қалықтай ұшуды сүйеді. Теңіздей өмірдің сыйы осы, Адамдар тірлік кешеді. Қарғалар қолдан көкке ұшты, Үміттің үзілген белгісі. Кардиган* шығанағы түбінде, Самал жел шашын да сылады. Уақыт ең қымбат бағалы, Су басып ормандар ағады. Бұл енді соғұрлым ой салған, Тай-Ньюид** жағынан қарады. Түбі бір теңіздің ағыны, Бұзылмас толқындар қалыбы. Хекла, Катла, Лаки*** жанартау, Аптаптың сезілер жалыны. Инзельберг мұздығы ішінен, Күн райы өзгеріс күшімен. Египетте құрғақшылық ол басқа, Француз революциясы ісімен. Мақсатына жету үшін ұмтылған, Үшінші жақ табанында Ол құрбан. Салдарын себебінен айырып, Опасыздық орын теуіп жаңғырған. Құрлықтағы тірлік те ұмытылып, * Cardigan Baу – Ирланд теңізіндегі шығанақ, Уэльстің батыс жағалауының көп бөлігін алып жатыр. Ллейн түбегінің оңтүстік-батыс шетіндегі Бардси аралы мен Кейп Страмбл мүйісінің арасында орналасқан және Гуинет, Кередигион және Пембрукшир деген үш округтің жағасын шайып жатыр. Шығанақтың солтүстік бөлігі Тремадок деп аталады. ** Тай-Ньюид (ТyNewydd) – АҚШ, Кентукки штатындағы қала. Бұрынғы өнеркәсіптік көмір өндіру аймағында орналасқан. *** Хекла, Катла, Лаки – Исландияның оңтүстігіндегі вулкандар. Табиғат пен мүктерге де мұң тұнып. Баянсыздық жер бетіне орнайды, Жанартаудың жалмауына жұтылып. Жаңа әлемге жол ашқан өнегесі, Исландиялық әйелдің үлгілі ісі. Гудрид* атақты саяхатшы, Британдық құлдың Ол немересі. Құшақ ашқан Америка топырағы. Тоғыз елдің таниды бар алқабы, Кемемен су үстінде ғұмыр кешіп, Мың жылға жалғасқан саяхаты. Саяхатшы үзілмей есігінен, Снорри Торфинсон басталар ерлігінен. Қарт құрлықтың су жолы аталады, Еуропалық сәбидің есімімен. Энрике Мелаканың барған жері, Теңіздің гуілдейді соққан желі. Құрлық пенен теңізді жалғап жатқан, Малазиялық құлдардың қан мен тері. Жұмыс күші, тауар менен кеме жүзер. Магеллан флотын да бәрі білер. Қанша жыл адам ізі түссе-дағы, Құлазыған теңіздер күңіренер. * Гудрид Торбярнардоттир – Колумбтан 500 жыл бұрын жана әлемді ашқан әйел. Cаяхатшы, жаңа әлемді зерттеуші. Исландияда, IX ғасырдың аяғында туған. Лақап ат жамылып көп саяхаттап, Норвегияға, Гренландияға барып, кейінірек Римге тәу ету сапарын жасаған. Солтүстік Америкаға кемемен барып, Жаңа әлемдегі Кристофер Колумбтан 500 жылдай бұрын жаңалық ашқан. Америкада үш жыл тұрып, ұлы Снорри сол жерде туған алғашқы еуропалық болды.

Сіз аудармашы бола аласыз

Осы өлеңді аударып, бізге өз нұсқаңызды жіберіңіз
Ян Вагнер
Ян Вагнер, 1971 жылы Һамбургте туған, 1995 жылдан Берлинде тұрады. Лирик, эссеист, ағылшын тіліндегі лириканы аударушы. 2003 жылға дейін Вагнер халықаралық "Die Aussenseite des Elementes" (Элементтің сыртқы жағы) әдеби қорабын – бір қорап ішіндегі жеке парақтарға жазылған өлеңдер жинағын – шығаруға қатысты. Алғашқы "Probebohrung im Himmel" (Аспанды ұңғып тесу сынағы) өлеңдер жинағын Вагнер 2001 жылы шығарды. Содан бері ол өз өлеңдерін көптеген өлең жинақтарында, антология, журналдарда жариялап, басқа сыйлықтармен қатар Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығын (2015) және Георг-Бүхнер сыйлығын (2017) алды. 2019 жылы Hanser баспасынан Вагнер мен Федерико Италианоның "Grand Tour. Reisen durch die junge Lyrik Europas" (Гранд тур. Еуропаның кейінгі лирикалық поэзиясына саяхат) антологиясы жарық көрді. Вагнер Неміс тіл және поэзия академиясының және Германия ПЕН-орталығының мүшесі.
Рике Шеффлер
Рике Шеффлер, 1985 жылы Берлинде туған, лирик, сазгер. Берлинде психология фекультетін, Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтын әдеби жазу мамандығы бойынша тамамдаған және көптеген ынталандыру сыйлықтарына, мысалы, Бранденбург қақпасы қорының, Берлин өнер академиясының және Гёте-Институттың стипендияларына ие болған. Оның "der rest ist resonanz"(қалғаны жаңғырық) өлеңдер жинағы 2014 жылы kookbooks-тен шығып, саяси және авангардтық шығарма ретінде Orphil-Debut сыйлығына ие болды. Шеффлер өз шығармаларын журнал, антологияларда жариялап, қайсыбірін сахналық өлең, мәтін және дыбыс коллажына айналдырады. Сол үшін ол басқа өнер иелерімен бірігіп жиі еңбектенеді және Берлиндегі KOOK e.V. әдебиет, музыка және өнерпаздар желісінің мүшесі. Шеффлердің кейінгі жұмыстарының ішінде оның 2019 жылы Париждегі Palais de Tokyo-да тұсаукесерін жасаған Becoming Water дыбыстық инсталляциясы да бар. Қазанда Kookbooks Шеффлердің "Federn im Flug" (Желдегі қауырсындар) өлең жинағын жарыққа шығарды.
Моника Ринк
Моника Ринк, 1979 жылы Цвайбрүккенде туған, Бохум, Берлин, Йельде дінтану, тарих және салыстырмалы әдебиеттануды оқыды. Ринктің шығармашылық жұмысы бірнеше саланы қамтиды: лирика, эссе және проза, аудармамен айналысады және әнге мәтін жазады. Қосымша өзінің begriffsstudio-сымен (терминдер студиясы) бірге үздіксіз ұлғайып келе жатқан Қазіргі заман лексиконының өзінше бір түрімен жұмыс істейді, оған күнделікті ақпарат құралдарынан алынған ерекше ұғымдар мен сөзжасамдар түрткі болады. Әдеби шығармалары үшін Ринк көптеген марапаттарға ие болды, мысалы, Эрнст-Мейстер-сыйлығы (2008), Клейст-сыйлығы (2015), Эрнст-Яндл-сыйлығы (2017) және (2021) Берлиннің әдебиет сыйлығы. Шығармалары түрлі баспалардан, антологиялар мен әдеби журналдарда басылып шықты. Ринк Германия ПЕН-орталығының мүшесі, Неміс тіл және поэзия академиясының, өзі тұратын Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі.
Аня Кампманн
Аня Кампманн 1983 жылы Һамбургте туған. Университетте және Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтында оқыған. 2006 жылғы әдеби сайыстардағы алғашқы жетістіктерінен кейін өзінің лирикасы мен прозасы үшін бірнеше рет марапатталып, стипендия түрінде, мысалы, International Writing Program Iowa бағдарламасы бойынша, қолдау көрді. 2016 жылы "Proben von Stein und Licht" (Тас пен жарық сынамалары) лирикалық дебюті Hanser баспасының Edition Lyrik Kabinett басылымынан, 2017 жылы "Fischdiebe" (Браконьерлер) кітабы шықты. Оның 2018 жылы шыққан "Wie hoch die Wasser steigen" (Су қаншалықты көтеріледі) романы Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығына және Неміс кітап сыйлығына ұсынылып, бірнеше тілге аударылды. Ағылшын тіліндегі аудармасы 2020 жылы ҚШ-америкалық "National Book Awards" сыйлығына ұсынылды. 2021 жылы көктемде Hanser баспасынан Кампманның "Der Hund ist immer hungrig" (Ит қашанда аш) өлеңдер жинағы жарық көрді.