Мирас Асан 1987 жылы 13 мамырда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты ауылында дүниеге келген. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Халықаралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты. 2011 және 2012 жылдары "Соңғы раушан", "Бекзат", 2018 жылы "Сүйесің, жүрек, сүйесің" атты жыр жинақтары жарық көрген.
Т.Айбергенов атындағы мерекелік медальдің иегері.
"Алтын тобылғы" әдеби сыйлығының лауреаты,
Мемлекеттік Стипендия иегері,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметін атқарады.