Даниела Зеел
Даниела Зеел 1974 жылы Майндағы Франкфуртта дүниеге келген, ақын, аудармашы, баспагер, Берлинде тұрады. 2003 жылы Зеел суретші-көркемдеуші, иллюстратор Андреас Төпфермен бірігіп өмір салты ретіндегі поэзияға арналған Independent-Verlag kookbooks – зертханасын, заманауи лирикаға арналған неміс баспаларының ең мықтыларының бірін ашты. Өзінің kookbooks баспасынан 2011 жылы шыққан алғашқы "ich kann diese stelle nicht wiederfinden" (бұл жерді қайта таба алмай жүрмін) өлең жинағы үшін Зеел Фридрих-Һөлдерлин ынталандыру сыйлығын, Эрнст-Мейстер ынталандыру сыйлығын және Лотто Бранденбургтың Әдебиет өнер сыйлығына ие болды. 2015 жылы оның "was weißt du schon von prärie" (прерия жайлы не білесің) өлеңдер жинағы жарық көрді. Зеелдің өлеңдері журнал, газет, антология, радио және интернетте жарияланып, 13 тілге аударылған.
Kurzbiographie (Daniela Seel)
Барлық өлеңдер