FIBELN, (Даниела Зеел)
Өлеңдер
Auffahrendes ohne Seele lesen, die kaum mehr erkenntliche Arbeit in einem Ding. Sieben Farbschichten allein an der Schlafzimmertür. Dezennien gestrichen in Flächigkeit, oder Knopfreihen. Lohn keiner Gerechtigkeit. ––– Um ferner noch hier zu sein, vermöge Arbeit, Verteilung. Was eine aufwendet, an Entfremden. Lässt Abweichung sich imitieren, oder vermeiden, woran wird etwas gleich? Etwas wie Essensmarken, im Namen des Volkes, Gladiole, Ravioli. ––– Die über Gründe setzen, mehr als ein Fädchen tief. Als wäre schön erst der Fehler in einer Kopie. Wie leichthin ein Knopf springt. Wenn ich einfach so weiterlebe, wie nahe komme ich Krieg? ––– Helle wird, von Leeren gemäßigt, von Pflicht. Liegt Aufstand an, zornkrank, wo krank eine Schublade ist? Der Eisschild schmilzt und ertrinkt, selbst im Winter, und es ist ja Winter. ––– Fingern aus Leitschichten Fibeln, binden durch Zeiten Mitanwesenheit. Limes, Lindisfarne, Kiew – die Rus rudert in Kartografien. Wo endet das Römische Reich? Das Römische Reich endet nie. ––– Den Grillen abgestotterte Stille, entginge so ihrer Bestimmung? Ungesättigt. Dass Röhricht – umtobend, kniehoch heroisch. Bis in die Gerten voll Zärtlichkeit. Zeugte Verstocken von Unbeugsamkeit? Unter Ordnungen Donner, es dunkelt. Zeug. Gewirktes. -- Nein. Döst Irgendland noch herüber? Widersage. Aus Erdreichen, Altern – insprinc haftbandun, infar wîgandun – Glottis schläft nicht, schlägt an.
Есіңнен мүлде ұмытылу, Ықылассыз оқу. Елеусіз еңбек, Уақытты да қор қылу. Бояу сырын түсінудің жолымен тек үйрену. Тер төгу, Жаратады жетістікті қолымен. Құндылықтар түсу үшін бір ізге күш керек. Табандылық, Тек қана әділдік жоқ дегізбе! Ақиқатта жол бұраң, өріс кең, талап бөлек. Жөні осы, Ырыздықты өзгелермен бөліссең. Уақытта қаталдыққа үйретсе, үнің өзге. Сөзің бөгде Дүниенің кемдігіне көз жетсе. Халық тайса, ырыс кетер іргеден. Табанды боп. Тұрақ таппай, Мазалайды жаныңызды әлде нең? Бастапқыдан көшірмеге көшкендей негізінен айырып. Өмір лезде, Омыраудан түйме үзіліп түскендей. Тірлік жайлы топшыласаң деректер Бос сөз емес. Жолын тапқан, Зиялылар. Ақылдылар. Зеректер. Тырнағандай біткен ескі жараны ауырады басылмай. Ашу-ыза, Өмір мәңгі күресуден тұрады. Ызғарымен қырау салған қабаққа, Ағынды су асығады жыраққа. Үйкелістің заңдылығы міне осы, Жаңа қатқан мұз ериді суықта. Сол секілді әліппе де заңдылық, Мәні мен мазмұны бар парақта. Озған уақыт заманымен елестеп, Көп білімге қанық болар сабақта. Limes * – қызықтырса білуге, Асау ойды жетелейді аулаққа. Lindisfarne**-нің киесіне үңілсең, Алғаш жеткен христиандар аралға. Картография тілін енді сөйлетсек, Kiew – Русь шыға алады тұғырға. Рим Империясының ертегісі бітпейді, Қан жүгіртіп айтар болсам тамырға. Табиғаттың тыныштығын бұзбайды, Шегірткенің үн қосқаны далаға. Үзік-үзік шырылдаған шырылы, Тағдырының айғағы ма олардың? Қамыстың биік болып өсуі де, Солқылдақ, күш түсірер шыбығына. Беріктік пен қайсарлық белгісі ме? Сызат түспей өскені сырығына. Кей сәтте күн күркіреп, нөсерлетіп, Қараңғылық енеді алқабыңа. Уақыт өз еншісін беріп кетер, Мән беріп қарар болсақ құбылысқа. Безініп бұл өмірден кете алмассың, Жер әлем тұрақ болған жұмыр басқа. insprinchaftbandun, infarwîgandun* Ұмтылған уағында құл болмасқа. Glottis**-тің шықпасын үні босқа. Limes (латын тілінде – «жол», «шекаралық сүрлеу жол», кейінірек «шекара») – Рим империясының шекарасында қорғайтын және кедендік бақылау құрылысы ретінде салынған күзет мұнаралары бар бекініс. ** Lindisfarne – Англияның солтүстік шығысында су тасығанынан пайда болған ауданы 5 шаршы шақырым арал. Киелі арал деген атпен де белгілі, өйткені Англияның Солтүстігіндегі христиандар Отаны болған.

Сіз аудармашы бола аласыз

Осы өлеңді аударып, бізге өз нұсқаңызды жіберіңіз
Ян Вагнер
Ян Вагнер, 1971 жылы Һамбургте туған, 1995 жылдан Берлинде тұрады. Лирик, эссеист, ағылшын тіліндегі лириканы аударушы. 2003 жылға дейін Вагнер халықаралық "Die Aussenseite des Elementes" (Элементтің сыртқы жағы) әдеби қорабын – бір қорап ішіндегі жеке парақтарға жазылған өлеңдер жинағын – шығаруға қатысты. Алғашқы "Probebohrung im Himmel" (Аспанды ұңғып тесу сынағы) өлеңдер жинағын Вагнер 2001 жылы шығарды. Содан бері ол өз өлеңдерін көптеген өлең жинақтарында, антология, журналдарда жариялап, басқа сыйлықтармен қатар Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығын (2015) және Георг-Бүхнер сыйлығын (2017) алды. 2019 жылы Hanser баспасынан Вагнер мен Федерико Италианоның "Grand Tour. Reisen durch die junge Lyrik Europas" (Гранд тур. Еуропаның кейінгі лирикалық поэзиясына саяхат) антологиясы жарық көрді. Вагнер Неміс тіл және поэзия академиясының және Германия ПЕН-орталығының мүшесі.
Рике Шеффлер
Рике Шеффлер, 1985 жылы Берлинде туған, лирик, сазгер. Берлинде психология фекультетін, Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтын әдеби жазу мамандығы бойынша тамамдаған және көптеген ынталандыру сыйлықтарына, мысалы, Бранденбург қақпасы қорының, Берлин өнер академиясының және Гёте-Институттың стипендияларына ие болған. Оның "der rest ist resonanz"(қалғаны жаңғырық) өлеңдер жинағы 2014 жылы kookbooks-тен шығып, саяси және авангардтық шығарма ретінде Orphil-Debut сыйлығына ие болды. Шеффлер өз шығармаларын журнал, антологияларда жариялап, қайсыбірін сахналық өлең, мәтін және дыбыс коллажына айналдырады. Сол үшін ол басқа өнер иелерімен бірігіп жиі еңбектенеді және Берлиндегі KOOK e.V. әдебиет, музыка және өнерпаздар желісінің мүшесі. Шеффлердің кейінгі жұмыстарының ішінде оның 2019 жылы Париждегі Palais de Tokyo-да тұсаукесерін жасаған Becoming Water дыбыстық инсталляциясы да бар. Қазанда Kookbooks Шеффлердің "Federn im Flug" (Желдегі қауырсындар) өлең жинағын жарыққа шығарды.
Моника Ринк
Моника Ринк, 1979 жылы Цвайбрүккенде туған, Бохум, Берлин, Йельде дінтану, тарих және салыстырмалы әдебиеттануды оқыды. Ринктің шығармашылық жұмысы бірнеше саланы қамтиды: лирика, эссе және проза, аудармамен айналысады және әнге мәтін жазады. Қосымша өзінің begriffsstudio-сымен (терминдер студиясы) бірге үздіксіз ұлғайып келе жатқан Қазіргі заман лексиконының өзінше бір түрімен жұмыс істейді, оған күнделікті ақпарат құралдарынан алынған ерекше ұғымдар мен сөзжасамдар түрткі болады. Әдеби шығармалары үшін Ринк көптеген марапаттарға ие болды, мысалы, Эрнст-Мейстер-сыйлығы (2008), Клейст-сыйлығы (2015), Эрнст-Яндл-сыйлығы (2017) және (2021) Берлиннің әдебиет сыйлығы. Шығармалары түрлі баспалардан, антологиялар мен әдеби журналдарда басылып шықты. Ринк Германия ПЕН-орталығының мүшесі, Неміс тіл және поэзия академиясының, өзі тұратын Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі.
Аня Кампманн
Аня Кампманн 1983 жылы Һамбургте туған. Университетте және Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтында оқыған. 2006 жылғы әдеби сайыстардағы алғашқы жетістіктерінен кейін өзінің лирикасы мен прозасы үшін бірнеше рет марапатталып, стипендия түрінде, мысалы, International Writing Program Iowa бағдарламасы бойынша, қолдау көрді. 2016 жылы "Proben von Stein und Licht" (Тас пен жарық сынамалары) лирикалық дебюті Hanser баспасының Edition Lyrik Kabinett басылымынан, 2017 жылы "Fischdiebe" (Браконьерлер) кітабы шықты. Оның 2018 жылы шыққан "Wie hoch die Wasser steigen" (Су қаншалықты көтеріледі) романы Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығына және Неміс кітап сыйлығына ұсынылып, бірнеше тілге аударылды. Ағылшын тіліндегі аудармасы 2020 жылы ҚШ-америкалық "National Book Awards" сыйлығына ұсынылды. 2021 жылы көктемде Hanser баспасынан Кампманның "Der Hund ist immer hungrig" (Ит қашанда аш) өлеңдер жинағы жарық көрді.