norden, (Ян Вагнер)
Өлеңдер
für Asbjørn Stenmark aufs postschiff zu warten an einem fjord, der tief ins land greift, weit hinab bis walhalla, unter den bergen, wo die rentierfährte im schnee zu schnapsgläsern erstarrt; wo alle welt nur zeit ist, der tag das verirrte talglicht in einer riesenhaften höhle oder ein tag nie endet. weil das schiff alles erwachen läßt, sobald die mole geküßt ist, nicht bloß den salzigen stockfisch der zeitung bringt, vielmehr als metropole das rote holzhaus löscht, den gin bringt, den jive, die bunten lampen und die tanzkapelle. aufs postschiff zu warten, schon wenn es im milchigen dunst die taue löst, um abzulegen. und wieder nichts als diese orgelkelche von eiszapfen, unterm schuh die krachenden algen, die dunkelheit. so still – du hörst die elche das salz von den vereisten steigen lecken.
Мен бастайын ойы терең дүние, Күту деген мәні бөлек әңгіме. Асбьерн Стенмарк* жазушы, Жөні бөлек айналатын үлгіге. Оның үздік қаламынан туындап, Тараған соң шығармасы әлемге. Ол ылғи да сарғаюдың ізімен, Дағдыланған пошта кеме күтуге. Сол күтудің маңызы да бейне бір, Шұбатылған теңіздейін сыр кеуде. Сол күтудің ең салмақты мәні де, Вальхаллаға** сапар болар жетуге. Барлық істер уақытқа бағынған, Болу керек күту үшін салқын қан. Уақыттың сырғуы да көмескі, Қалжыратар күте-күте сағынған. Толқын жарған екпіні бар кеменің, Жатқан елді шырт ұйқыдан оятқан. Тұзды балық дәмі кетпес аузыңнан, Сатушының газетіне оратқан. Мегаполис дымын тартып ішіне, Жағалауда таң мүлгиді әр атқан. Ақ тұманды жарған пошта кемесін, Көп күтумен жағалауға таятқан. Буырқана кеп тоқтайды сол кеме, Жағалауға арқандарын лақтырған. Дем тартқанша тыныштық та орнайды, Ізі де жоқ судың ішін қақ жарған. Қараңғылық көз алдыңды иектеп, Бір дүние орнай қалар сазарған. Осы, міне, ұзақ күткен жағажай, Жазушының хаты келді, көңіл жай. Мұз жалаған бұлан даусы естілер, Басқа әлем құлаққа ұрған танадай. * Асбьерн Стенмарк (1971ж. туған) – норвегиялық жазушы. ** Вальхалла – Герман мәдениетінің көрнекті тарихи тұлғаларының Даңқ залы, Дунайдың сол жағалауында, Регенсбург қаласынан (Бавария, Германия) шығысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан. Скандинавиялық және неміс мифологияларында Вальхалла – шайқаста қаза тапқан батырлардың өлгеннен кейінгі мекендейтін орны.

Сіз аудармашы бола аласыз

Осы өлеңді аударып, бізге өз нұсқаңызды жіберіңіз
Ян Вагнер
Ян Вагнер, 1971 жылы Һамбургте туған, 1995 жылдан Берлинде тұрады. Лирик, эссеист, ағылшын тіліндегі лириканы аударушы. 2003 жылға дейін Вагнер халықаралық "Die Aussenseite des Elementes" (Элементтің сыртқы жағы) әдеби қорабын – бір қорап ішіндегі жеке парақтарға жазылған өлеңдер жинағын – шығаруға қатысты. Алғашқы "Probebohrung im Himmel" (Аспанды ұңғып тесу сынағы) өлеңдер жинағын Вагнер 2001 жылы шығарды. Содан бері ол өз өлеңдерін көптеген өлең жинақтарында, антология, журналдарда жариялап, басқа сыйлықтармен қатар Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығын (2015) және Георг-Бүхнер сыйлығын (2017) алды. 2019 жылы Hanser баспасынан Вагнер мен Федерико Италианоның "Grand Tour. Reisen durch die junge Lyrik Europas" (Гранд тур. Еуропаның кейінгі лирикалық поэзиясына саяхат) антологиясы жарық көрді. Вагнер Неміс тіл және поэзия академиясының және Германия ПЕН-орталығының мүшесі.
Рике Шеффлер
Рике Шеффлер, 1985 жылы Берлинде туған, лирик, сазгер. Берлинде психология фекультетін, Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтын әдеби жазу мамандығы бойынша тамамдаған және көптеген ынталандыру сыйлықтарына, мысалы, Бранденбург қақпасы қорының, Берлин өнер академиясының және Гёте-Институттың стипендияларына ие болған. Оның "der rest ist resonanz"(қалғаны жаңғырық) өлеңдер жинағы 2014 жылы kookbooks-тен шығып, саяси және авангардтық шығарма ретінде Orphil-Debut сыйлығына ие болды. Шеффлер өз шығармаларын журнал, антологияларда жариялап, қайсыбірін сахналық өлең, мәтін және дыбыс коллажына айналдырады. Сол үшін ол басқа өнер иелерімен бірігіп жиі еңбектенеді және Берлиндегі KOOK e.V. әдебиет, музыка және өнерпаздар желісінің мүшесі. Шеффлердің кейінгі жұмыстарының ішінде оның 2019 жылы Париждегі Palais de Tokyo-да тұсаукесерін жасаған Becoming Water дыбыстық инсталляциясы да бар. Қазанда Kookbooks Шеффлердің "Federn im Flug" (Желдегі қауырсындар) өлең жинағын жарыққа шығарды.
Моника Ринк
Моника Ринк, 1979 жылы Цвайбрүккенде туған, Бохум, Берлин, Йельде дінтану, тарих және салыстырмалы әдебиеттануды оқыды. Ринктің шығармашылық жұмысы бірнеше саланы қамтиды: лирика, эссе және проза, аудармамен айналысады және әнге мәтін жазады. Қосымша өзінің begriffsstudio-сымен (терминдер студиясы) бірге үздіксіз ұлғайып келе жатқан Қазіргі заман лексиконының өзінше бір түрімен жұмыс істейді, оған күнделікті ақпарат құралдарынан алынған ерекше ұғымдар мен сөзжасамдар түрткі болады. Әдеби шығармалары үшін Ринк көптеген марапаттарға ие болды, мысалы, Эрнст-Мейстер-сыйлығы (2008), Клейст-сыйлығы (2015), Эрнст-Яндл-сыйлығы (2017) және (2021) Берлиннің әдебиет сыйлығы. Шығармалары түрлі баспалардан, антологиялар мен әдеби журналдарда басылып шықты. Ринк Германия ПЕН-орталығының мүшесі, Неміс тіл және поэзия академиясының, өзі тұратын Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі.
Аня Кампманн
Аня Кампманн 1983 жылы Һамбургте туған. Университетте және Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтында оқыған. 2006 жылғы әдеби сайыстардағы алғашқы жетістіктерінен кейін өзінің лирикасы мен прозасы үшін бірнеше рет марапатталып, стипендия түрінде, мысалы, International Writing Program Iowa бағдарламасы бойынша, қолдау көрді. 2016 жылы "Proben von Stein und Licht" (Тас пен жарық сынамалары) лирикалық дебюті Hanser баспасының Edition Lyrik Kabinett басылымынан, 2017 жылы "Fischdiebe" (Браконьерлер) кітабы шықты. Оның 2018 жылы шыққан "Wie hoch die Wasser steigen" (Су қаншалықты көтеріледі) романы Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығына және Неміс кітап сыйлығына ұсынылып, бірнеше тілге аударылды. Ағылшын тіліндегі аудармасы 2020 жылы ҚШ-америкалық "National Book Awards" сыйлығына ұсынылды. 2021 жылы көктемде Hanser баспасынан Кампманның "Der Hund ist immer hungrig" (Ит қашанда аш) өлеңдер жинағы жарық көрді.