Sehnsucht nach Ruhe in Bewegung, (Рике Шеффлер)
Өлеңдер
Sehnsucht nach Ruhe in Bewegung. Schöpfung bahnt sich durch Teilung. Bäche aus Blättern. In manchen Sprachen ist Urwasser dasselbe Wort wie Zwilling, das doppel-, vielgesichtig, nicht aus der Umarmung anderen Wassers lassen will: Erdinseln hinaufgetaucht, Wasserschlangen, Fruchtwasser, ein Mini-Ozean phylogenetischer Verfahren. Eschen, Amphibien. Ein Wiegenlied für Mütter, in einer Hütte gesungen. Mehr Verwüstung. Die Azteken opferten Thlaloc weinende Kinder, um die Wasserreserven der Lagunen aufzufrischen. Sie war in einem Prozess des Werdens, Ritus, Urwald, der im Wasser ruht. Moos im Magen, Meere im Blut. Quallen, Fische, Hunde weisen dieselben Salze in beinahe der gleichen Zusammensetzung auf: Kiemenbögen, Sintflut, Atlantis. Sedimente im Gedächtnis, synchron, zugleich: Symptom. Haoma, Makara, ein Elexier: ‚siwlkw‘. [ʂi’wɑkɧ]. [sea_walk] [seal_walk] [she_will_walk]. We will_
Таппайды бар дүние, сірә, тыным, Түсінсең бір өзгеріс болатынын. Сусыған жапырақтар еске салар, Дүние қозғалыстан тұратынын. Болмайды дүниеде сусыз өмір, Әлемде су өмірмен егіз ғұмыр. Егіздік үндеседі су нәрімен, Оның да үңілгендер мәнін білер. Арналар келіп бірге тоғысқанда, Жан бітіп сай-салада күркірейді. Су ағыны өмірдің ағысындай, Жанары көз ұшынан мөлдірейді. Ішіне бүккен қыр мен сыры да бар, Оны адам неге енді сезінбейді. Жер арал, жеміс сулар пайда болып, Неге енді бөлінгені білінбейді. Сумаңдап су жыландар жүретұғын, Тоғысар бәрі келіп бір мұхитқа. Құрлық пенен теңізде тірлік қызып, Қосмекенді тірлігін бекемдейді. Шөлейттің мұңды үніне әнін қосып, Жұпыны үйде бесік жыр бебеулейді. Ацтектер бұл өңірдің әспеттісі, Тлалокқа сенеді көкте күші. Балалардың қанымен суарылған, Лагунаның құмы мен малта тасы. Құрбандыққа шалынып өз перзенті, Қалыптасқан тарихы бұл бір жолы. Салт-дәстүр мен саудасы дамылдаған, Ну орман – тіршіліктің қызған жері. Үндінің шалқақ жатқан кең даласы, Мүк басқан тұрғындардың асқазаны. Сарқылмас мәңгілікке қанды теңіз, Мұхитта медузалар мұң-наласы. Тұз татыған құрамы бірдей болар Балықтар ғұмырының құбылысы. Желпінген желбезектер су тартады, Топан суды сезбеген қайран басы. Атлантида емес пе, анығында, Жадтағы жаңғырған шөгіндісі. Болатын ғажайыпты синхрондап, Сонымен байқалады білім күші. Белгісі жүректегі нәзік сезім, Ынтық пен ынтызарлық бір үлгісі. Қол созып шақырады дерттенгенде, Махаббат пен құмарлық Макарасы. 'siwlkw'. [ʃi:wɔ:k]. [sea_walk] [seal_walk]. [she_will_walk]. We will_

Сіз аудармашы бола аласыз

Осы өлеңді аударып, бізге өз нұсқаңызды жіберіңіз
Ян Вагнер
Ян Вагнер, 1971 жылы Һамбургте туған, 1995 жылдан Берлинде тұрады. Лирик, эссеист, ағылшын тіліндегі лириканы аударушы. 2003 жылға дейін Вагнер халықаралық "Die Aussenseite des Elementes" (Элементтің сыртқы жағы) әдеби қорабын – бір қорап ішіндегі жеке парақтарға жазылған өлеңдер жинағын – шығаруға қатысты. Алғашқы "Probebohrung im Himmel" (Аспанды ұңғып тесу сынағы) өлеңдер жинағын Вагнер 2001 жылы шығарды. Содан бері ол өз өлеңдерін көптеген өлең жинақтарында, антология, журналдарда жариялап, басқа сыйлықтармен қатар Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығын (2015) және Георг-Бүхнер сыйлығын (2017) алды. 2019 жылы Hanser баспасынан Вагнер мен Федерико Италианоның "Grand Tour. Reisen durch die junge Lyrik Europas" (Гранд тур. Еуропаның кейінгі лирикалық поэзиясына саяхат) антологиясы жарық көрді. Вагнер Неміс тіл және поэзия академиясының және Германия ПЕН-орталығының мүшесі.
Рике Шеффлер
Рике Шеффлер, 1985 жылы Берлинде туған, лирик, сазгер. Берлинде психология фекультетін, Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтын әдеби жазу мамандығы бойынша тамамдаған және көптеген ынталандыру сыйлықтарына, мысалы, Бранденбург қақпасы қорының, Берлин өнер академиясының және Гёте-Институттың стипендияларына ие болған. Оның "der rest ist resonanz"(қалғаны жаңғырық) өлеңдер жинағы 2014 жылы kookbooks-тен шығып, саяси және авангардтық шығарма ретінде Orphil-Debut сыйлығына ие болды. Шеффлер өз шығармаларын журнал, антологияларда жариялап, қайсыбірін сахналық өлең, мәтін және дыбыс коллажына айналдырады. Сол үшін ол басқа өнер иелерімен бірігіп жиі еңбектенеді және Берлиндегі KOOK e.V. әдебиет, музыка және өнерпаздар желісінің мүшесі. Шеффлердің кейінгі жұмыстарының ішінде оның 2019 жылы Париждегі Palais de Tokyo-да тұсаукесерін жасаған Becoming Water дыбыстық инсталляциясы да бар. Қазанда Kookbooks Шеффлердің "Federn im Flug" (Желдегі қауырсындар) өлең жинағын жарыққа шығарды.
Моника Ринк
Моника Ринк, 1979 жылы Цвайбрүккенде туған, Бохум, Берлин, Йельде дінтану, тарих және салыстырмалы әдебиеттануды оқыды. Ринктің шығармашылық жұмысы бірнеше саланы қамтиды: лирика, эссе және проза, аудармамен айналысады және әнге мәтін жазады. Қосымша өзінің begriffsstudio-сымен (терминдер студиясы) бірге үздіксіз ұлғайып келе жатқан Қазіргі заман лексиконының өзінше бір түрімен жұмыс істейді, оған күнделікті ақпарат құралдарынан алынған ерекше ұғымдар мен сөзжасамдар түрткі болады. Әдеби шығармалары үшін Ринк көптеген марапаттарға ие болды, мысалы, Эрнст-Мейстер-сыйлығы (2008), Клейст-сыйлығы (2015), Эрнст-Яндл-сыйлығы (2017) және (2021) Берлиннің әдебиет сыйлығы. Шығармалары түрлі баспалардан, антологиялар мен әдеби журналдарда басылып шықты. Ринк Германия ПЕН-орталығының мүшесі, Неміс тіл және поэзия академиясының, өзі тұратын Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі.
Аня Кампманн
Аня Кампманн 1983 жылы Һамбургте туған. Университетте және Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтында оқыған. 2006 жылғы әдеби сайыстардағы алғашқы жетістіктерінен кейін өзінің лирикасы мен прозасы үшін бірнеше рет марапатталып, стипендия түрінде, мысалы, International Writing Program Iowa бағдарламасы бойынша, қолдау көрді. 2016 жылы "Proben von Stein und Licht" (Тас пен жарық сынамалары) лирикалық дебюті Hanser баспасының Edition Lyrik Kabinett басылымынан, 2017 жылы "Fischdiebe" (Браконьерлер) кітабы шықты. Оның 2018 жылы шыққан "Wie hoch die Wasser steigen" (Су қаншалықты көтеріледі) романы Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығына және Неміс кітап сыйлығына ұсынылып, бірнеше тілге аударылды. Ағылшын тіліндегі аудармасы 2020 жылы ҚШ-америкалық "National Book Awards" сыйлығына ұсынылды. 2021 жылы көктемде Hanser баспасынан Кампманның "Der Hund ist immer hungrig" (Ит қашанда аш) өлеңдер жинағы жарық көрді.