zum fernbleiben der umarmung, (Моника Ринк)
Өлеңдер
sie wollten nicht noch ein weiteres mal sterben, sich kollidierend verfehlen, war ihre einzige chance. sie hatten dazu die stadt, das land, ihren namen, worunter sie verschwanden und wohin es sie rief. es war eine decke, über sie gebreitet, ihre augen geschlossen, wussten sie blind, es musste eine sein. sie haben alles gehört. sie wollten zerspringen. beinah starben sie da schon zum vierten mal. alles blieb stehen und liegen. sie gingen also ein in weltverlöschung. sie mussten auf jahre dort zelten. das beet ohne erde. die scheußliche wanne. die wolllosen maschen. das ding ohne stil. drinnen, der mantel. an der see keine see. das schlagen der brandung. ihr auf ewig trockener takt. als gäbe es nichts als die auf den tod weisende aussicht, man müsse in der tat mit dieser antwortlosigkeit leben. love calls us to the things of this world, was aber ruft uns davon weg? fern bliebe ihnen der sinn des horizonts und sie blieben in der ferne, die ihre bleibe würde, alsbald. wie diese liebe für einen haaransatz, eine duftende linie am hals, all das ist fort, ist nicht geblieben, sondern fern. auch für diese bleibe gab es eine zeit. und in dieser zeit gab es keine andere bleibe als diese ferne, die sich weitete. das war der grund, einen anderen hatte es nie gegeben. das war der grund, einen anderen wird es nicht geben. und dann verloren sie ihn und sie verloren ihn wieder. nur dass es da schon ein anderer war. sie sind geblieben, um wieder zu verlieren, daher blieben sie. ihnen half das nicht mehr, aber ihm half es, dem verbesserten menschen.
Қайта өлгіміз келмеген соң жан ықтау, Əбден сағыныспайынша жолықпау – мүмкіндік бұл берілген. Елітетін елі мен бар жайындай жұтатұғын қаласы Жəне өзінің есімі Жамылғы боп көрінген. Көз жұмулы, көрді оны Көкіректің көзімен, Һəм түгелін естіді. Ал ендігі бар үміт Кету болды жарылып, Төртінші рет жер құшуға шақ қалды. Барлығы да тыншып барып жатқан-ды. Бозторғай да қонбайды енді қой үсті, Күллі əлемді олар солай жойысты. Жылдар бойы жансыздықта түнеді, Топырағы жоқ жүйек. Ваннаның да жиіркенішті реңі. Жүнсіз жіптер. Сəнсіз бұйым. Тон да іште мұндағы. Сусыз теңіз. Жағалауға жүгірген толқындардың мəңгіге кеуіп қалған ырғағы. Тек жол ма осы апаратын өлімге?! Жауабы жоқ өмір сүретініңді ала көрме көңілге. Ал махаббат қол бұлғайды ғажайыпқа шақырып, Біз бас тарттық не нəрсенің əсеріне бас ұрып?! Байқаймысың, Көкжиекте бір мəн бар, Көкжиек ол – алыстан-ақ мекен болып тұрғандар. Қара шаш пен ақ тамақтың хош иісіне құмарту секілденіп бұл да қазір жырақтады мұнартып. Ол дағы бір кез еді. Жат мекенде одан өзге тұрағы да жоқ еді. Бұдан өзге себебі де болмаған, Бұдан өзге болмайды енді себебі. Кейін олар сол мекеннен айырылды қайтадан, Дәл сол жерде пайда болды өзгелер, Бірақ-бірақ ештеңе жоқ өзгерер, Ештеңе жоқ таңғалар, Алдыңғылар секілді айырылу үшін қалды олар. Мұның енді өздеріне тимегенмен пайдасы, Олар – жаны ізгіленген адамдардың жалғасы.

Сіз аудармашы бола аласыз

Осы өлеңді аударып, бізге өз нұсқаңызды жіберіңіз
Ян Вагнер
Ян Вагнер, 1971 жылы Һамбургте туған, 1995 жылдан Берлинде тұрады. Лирик, эссеист, ағылшын тіліндегі лириканы аударушы. 2003 жылға дейін Вагнер халықаралық "Die Aussenseite des Elementes" (Элементтің сыртқы жағы) әдеби қорабын – бір қорап ішіндегі жеке парақтарға жазылған өлеңдер жинағын – шығаруға қатысты. Алғашқы "Probebohrung im Himmel" (Аспанды ұңғып тесу сынағы) өлеңдер жинағын Вагнер 2001 жылы шығарды. Содан бері ол өз өлеңдерін көптеген өлең жинақтарында, антология, журналдарда жариялап, басқа сыйлықтармен қатар Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығын (2015) және Георг-Бүхнер сыйлығын (2017) алды. 2019 жылы Hanser баспасынан Вагнер мен Федерико Италианоның "Grand Tour. Reisen durch die junge Lyrik Europas" (Гранд тур. Еуропаның кейінгі лирикалық поэзиясына саяхат) антологиясы жарық көрді. Вагнер Неміс тіл және поэзия академиясының және Германия ПЕН-орталығының мүшесі.
Рике Шеффлер
Рике Шеффлер, 1985 жылы Берлинде туған, лирик, сазгер. Берлинде психология фекультетін, Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтын әдеби жазу мамандығы бойынша тамамдаған және көптеген ынталандыру сыйлықтарына, мысалы, Бранденбург қақпасы қорының, Берлин өнер академиясының және Гёте-Институттың стипендияларына ие болған. Оның "der rest ist resonanz"(қалғаны жаңғырық) өлеңдер жинағы 2014 жылы kookbooks-тен шығып, саяси және авангардтық шығарма ретінде Orphil-Debut сыйлығына ие болды. Шеффлер өз шығармаларын журнал, антологияларда жариялап, қайсыбірін сахналық өлең, мәтін және дыбыс коллажына айналдырады. Сол үшін ол басқа өнер иелерімен бірігіп жиі еңбектенеді және Берлиндегі KOOK e.V. әдебиет, музыка және өнерпаздар желісінің мүшесі. Шеффлердің кейінгі жұмыстарының ішінде оның 2019 жылы Париждегі Palais de Tokyo-да тұсаукесерін жасаған Becoming Water дыбыстық инсталляциясы да бар. Қазанда Kookbooks Шеффлердің "Federn im Flug" (Желдегі қауырсындар) өлең жинағын жарыққа шығарды.
Моника Ринк
Моника Ринк, 1979 жылы Цвайбрүккенде туған, Бохум, Берлин, Йельде дінтану, тарих және салыстырмалы әдебиеттануды оқыды. Ринктің шығармашылық жұмысы бірнеше саланы қамтиды: лирика, эссе және проза, аудармамен айналысады және әнге мәтін жазады. Қосымша өзінің begriffsstudio-сымен (терминдер студиясы) бірге үздіксіз ұлғайып келе жатқан Қазіргі заман лексиконының өзінше бір түрімен жұмыс істейді, оған күнделікті ақпарат құралдарынан алынған ерекше ұғымдар мен сөзжасамдар түрткі болады. Әдеби шығармалары үшін Ринк көптеген марапаттарға ие болды, мысалы, Эрнст-Мейстер-сыйлығы (2008), Клейст-сыйлығы (2015), Эрнст-Яндл-сыйлығы (2017) және (2021) Берлиннің әдебиет сыйлығы. Шығармалары түрлі баспалардан, антологиялар мен әдеби журналдарда басылып шықты. Ринк Германия ПЕН-орталығының мүшесі, Неміс тіл және поэзия академиясының, өзі тұратын Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі.
Аня Кампманн
Аня Кампманн 1983 жылы Һамбургте туған. Университетте және Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтында оқыған. 2006 жылғы әдеби сайыстардағы алғашқы жетістіктерінен кейін өзінің лирикасы мен прозасы үшін бірнеше рет марапатталып, стипендия түрінде, мысалы, International Writing Program Iowa бағдарламасы бойынша, қолдау көрді. 2016 жылы "Proben von Stein und Licht" (Тас пен жарық сынамалары) лирикалық дебюті Hanser баспасының Edition Lyrik Kabinett басылымынан, 2017 жылы "Fischdiebe" (Браконьерлер) кітабы шықты. Оның 2018 жылы шыққан "Wie hoch die Wasser steigen" (Су қаншалықты көтеріледі) романы Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығына және Неміс кітап сыйлығына ұсынылып, бірнеше тілге аударылды. Ағылшын тіліндегі аудармасы 2020 жылы ҚШ-америкалық "National Book Awards" сыйлығына ұсынылды. 2021 жылы көктемде Hanser баспасынан Кампманның "Der Hund ist immer hungrig" (Ит қашанда аш) өлеңдер жинағы жарық көрді.