Сағыныш Сабыржанқызы Намазшамова – 1978 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы, Қосағаш ауылында туған.
Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінің бакалаврын, магистратурасын бітірген. "Жыр маржаны" қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясына өлеңдері енген. Сол сияқты қазақ ақындарының испан, әзербайжан тілдерінде жарық көрген антологиясына өлеңдері кірді.
2007 жылы "Арыс" баспасынан "Бақыттың бағасы", 2009 жылы "Төрт бөрі" баспасынан "Сағыныш" атты жеке жыр жинақтары шықты.
Көркем аудармамен де айналысады.
2007 жылы Астанада өткен шығармашыл жастардың "Шабыт" фестивалінің "Поэзия" номинациясында 1-орынға ие болды.
2015 жылы Мемлекеттік стипендия иегері атанды.
Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі.
Менің аудармаларым