Die Mirabellen, (Даниела Зеел)
Өлеңдер
Die Mirabellen verschwinden vor ihrer Süße. Wegen der Amseln vielleicht. Oder wegen des Schattens, des Schattens in meinem Verdacht. Wie ich die Küken verwünschte in ihrer Niedlichkeit, die noch das Halsumdrehen verleidet. Sind es denn Tiere, die schreien? Dass Schreien einmal nur Gackern sei! «Aier eraus, Speck eraus, sonst robbe mer‘m Gickel de Schwanz enaus!» Un‘ 's ganze Mannsvolk mit Mistgabeln der Sau nach, der ausgebüxten – und fassen sie? Ach. Es passierte ja. Unter der Hand oder unter der Haube, unter dem Laub. Ich steh bei den Mädchen, ich sag‘s nicht bloß aus Erzählung. Streut eine hin, kehrt eine aus ... Also werde ich weinen? Lernen vom Stein, der sich barmherzig zeigt, aus Unmenschlichkeit. Dass ich atme, wie unter Betäubung noch, brüsk, dass ein Nicht-mehr gegen ein Noch-nicht spielt – und vergibt? Unmenschlich. Wie alles derart bei sich ist.
Тәтті болғандықтан қара өріктер тез жоғалады. Бәлкім торғайлардың кесірінен бе екен?! Әлде менің күдігімнің көлеңкесі әкетті ме екен?! Балапандарды сүйкімділігі үшін талай қарғадым, Олардың осы үшін ғана мойнын бұрап тастау енді айызымды қандырмайды. Жан дауысы шығып жатқан жануарлар ма? Жан дауысы дегенің, жай қаңқылдау болса ғой! «Жұмыртқалар мен іш майларыңды бері шығарыңдар, әйтпесе қораздарыңның қауырсынын жұлып тастаймыз!» Бәріміз де егеуұйрықтарға ілесеміз. Ауылдағы еркек атаулы айырын алып, қашып кеткен шошқаның соңынан жүгіріп жүр. Ұстады ма екен? Ия, ұстады. Қолдың астында, не болмаса телпек астында, жапырақ астында. Осыны қыздарға ертегі деп емес, өз көзіммен көрген жағдай ретінде айтып отырмын. Біреуі шашса, енді бірі жинайды... Енді жыласам ба? Әлде рақымсыздықтан өзін мейірімді көрсетіп тұрған тастан үйренсем бе екен? Әлі де есімнен танғандай тыныс алып, қатал түрде «Енді жоқтың» «Әлі жоққа» қарсы тұрғаны, мүмкіндік бере ме? Рақымсыздық. Мұндайда бәрі қалай бұйырса, солай болады

Сіз аудармашы бола аласыз

Осы өлеңді аударып, бізге өз нұсқаңызды жіберіңіз
Ян Вагнер
Ян Вагнер, 1971 жылы Һамбургте туған, 1995 жылдан Берлинде тұрады. Лирик, эссеист, ағылшын тіліндегі лириканы аударушы. 2003 жылға дейін Вагнер халықаралық "Die Aussenseite des Elementes" (Элементтің сыртқы жағы) әдеби қорабын – бір қорап ішіндегі жеке парақтарға жазылған өлеңдер жинағын – шығаруға қатысты. Алғашқы "Probebohrung im Himmel" (Аспанды ұңғып тесу сынағы) өлеңдер жинағын Вагнер 2001 жылы шығарды. Содан бері ол өз өлеңдерін көптеген өлең жинақтарында, антология, журналдарда жариялап, басқа сыйлықтармен қатар Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығын (2015) және Георг-Бүхнер сыйлығын (2017) алды. 2019 жылы Hanser баспасынан Вагнер мен Федерико Италианоның "Grand Tour. Reisen durch die junge Lyrik Europas" (Гранд тур. Еуропаның кейінгі лирикалық поэзиясына саяхат) антологиясы жарық көрді. Вагнер Неміс тіл және поэзия академиясының және Германия ПЕН-орталығының мүшесі.
Рике Шеффлер
Рике Шеффлер, 1985 жылы Берлинде туған, лирик, сазгер. Берлинде психология фекультетін, Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтын әдеби жазу мамандығы бойынша тамамдаған және көптеген ынталандыру сыйлықтарына, мысалы, Бранденбург қақпасы қорының, Берлин өнер академиясының және Гёте-Институттың стипендияларына ие болған. Оның "der rest ist resonanz"(қалғаны жаңғырық) өлеңдер жинағы 2014 жылы kookbooks-тен шығып, саяси және авангардтық шығарма ретінде Orphil-Debut сыйлығына ие болды. Шеффлер өз шығармаларын журнал, антологияларда жариялап, қайсыбірін сахналық өлең, мәтін және дыбыс коллажына айналдырады. Сол үшін ол басқа өнер иелерімен бірігіп жиі еңбектенеді және Берлиндегі KOOK e.V. әдебиет, музыка және өнерпаздар желісінің мүшесі. Шеффлердің кейінгі жұмыстарының ішінде оның 2019 жылы Париждегі Palais de Tokyo-да тұсаукесерін жасаған Becoming Water дыбыстық инсталляциясы да бар. Қазанда Kookbooks Шеффлердің "Federn im Flug" (Желдегі қауырсындар) өлең жинағын жарыққа шығарды.
Моника Ринк
Моника Ринк, 1979 жылы Цвайбрүккенде туған, Бохум, Берлин, Йельде дінтану, тарих және салыстырмалы әдебиеттануды оқыды. Ринктің шығармашылық жұмысы бірнеше саланы қамтиды: лирика, эссе және проза, аудармамен айналысады және әнге мәтін жазады. Қосымша өзінің begriffsstudio-сымен (терминдер студиясы) бірге үздіксіз ұлғайып келе жатқан Қазіргі заман лексиконының өзінше бір түрімен жұмыс істейді, оған күнделікті ақпарат құралдарынан алынған ерекше ұғымдар мен сөзжасамдар түрткі болады. Әдеби шығармалары үшін Ринк көптеген марапаттарға ие болды, мысалы, Эрнст-Мейстер-сыйлығы (2008), Клейст-сыйлығы (2015), Эрнст-Яндл-сыйлығы (2017) және (2021) Берлиннің әдебиет сыйлығы. Шығармалары түрлі баспалардан, антологиялар мен әдеби журналдарда басылып шықты. Ринк Германия ПЕН-орталығының мүшесі, Неміс тіл және поэзия академиясының, өзі тұратын Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі.
Аня Кампманн
Аня Кампманн 1983 жылы Һамбургте туған. Университетте және Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтында оқыған. 2006 жылғы әдеби сайыстардағы алғашқы жетістіктерінен кейін өзінің лирикасы мен прозасы үшін бірнеше рет марапатталып, стипендия түрінде, мысалы, International Writing Program Iowa бағдарламасы бойынша, қолдау көрді. 2016 жылы "Proben von Stein und Licht" (Тас пен жарық сынамалары) лирикалық дебюті Hanser баспасының Edition Lyrik Kabinett басылымынан, 2017 жылы "Fischdiebe" (Браконьерлер) кітабы шықты. Оның 2018 жылы шыққан "Wie hoch die Wasser steigen" (Су қаншалықты көтеріледі) романы Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығына және Неміс кітап сыйлығына ұсынылып, бірнеше тілге аударылды. Ағылшын тіліндегі аудармасы 2020 жылы ҚШ-америкалық "National Book Awards" сыйлығына ұсынылды. 2021 жылы көктемде Hanser баспасынан Кампманның "Der Hund ist immer hungrig" (Ит қашанда аш) өлеңдер жинағы жарық көрді.