FOSSILE TECHNOKRATEN BENEBELN EINGEGRABENE TALENTE, (Моника Ринк)
Өлеңдер
Jederzeit tritt es ein: e t w a s zu beginnen, das man nicht mehr beenden kann. Talente oder Fossilien. Jederzeit kann es beginnen, dass alles, was man nicht mehr ist oder auch gar niemals war – sich mehrt, Gemisch! Der Angstkomet stürzt schrill in Richtung unserer Mutter Erde. Und knapp verfehlt. Hier die Anleitung zur Löschung der Kosmogonie: Nehmen Sie Nebel! So dass Phantome, Plankton, Phänotypen, Mützen, Mösen und Nationen sowie Planken alle ganz aus Nebel sind. Regeln Sie dann den Nebel einige Stufen herunter. Regeln Sie ihn dann wieder herauf. Auch ich muss umschalten. Ich habe Gummi getrunken! Ich bin von innen verplombt und nutze den Nebel als Zelt. Ich kann, was ich träume, gar nicht mehr tragen, Ernstjandokles! Was kann ich dir, ja was soll ich dir sagen? Ich liebe gute Gesetze und gute gesetzestreue Leute, die guten Gesetzen gehorchen, sowie eine Reihe illegaler Drogen. O ihr Nebelhörner, tutet! Alles fällt! Durch die harte Schale (Havarie der harten Schale) sehe ich, dass man oft länger lebt, als dass es gut ist. Die atomare Vernichtung allen Lebens, mit lieben Grüßen in die große Runde, wäre ja auch das sichere Ende gewisser Probleme. Ich melde: Habe Gummi getrunken. Ich sehe jetzt den Reiz von diesem digitalen Code in Rot blinken und im Nebel flackern. Ich sag mal, es verfinstert sich.
Таланттар иә көнеліктер ұлы елі Өзі аяқтап үлгермейтін бір істі бастап кетеді үнемі. Қай заманда да осылай. Адам деген — пайда болған жоқтан бар, Көбейер де топтанар. Ал комета ұшады үрей сеуіп, ышқынып, Көк аспаннан заһар төгіп, ысқырып, Жерге қарай заулайды оқтай, бәлкім бейне ұшқан құс, Жерге тимей сәл ғана қиыс ұшып өтеді. Міне, саған космогонияны жою жайлы нұсқаулық: Сұр тұманды боратып, Фантом, планктон, фенотип, Телпектер, әйелдер мен ұлыстар және қоршау-құрылыстар, барлығы да болсын тағы тұманнан. Сол тұманды бір сатыға төмендет, сосын қайта қолыңа ал. Өзгеруім қажет енді менің де, Сосын іштім құмар болып желімге. Тұман маған шатыр-ды, Су өтпейді ішіме, Өйткені ішім құлыпталып жатыр-ды. Жүре алмаймын енді арқалап арманымды аңсаған, Ernstjan-dokles* , ал не дейін, ал не дейін мен саған?! Тәуір заңдар, заңға мойынсұнғандар, Заңды белден баспайтұғын бір жандар, Неше түрі сосын заңсыз нашаның — Осылармен көңілімнің хош әні. О, тұмандық кернейші, Кернейіңмен желгейсің, Құлатыңдар жан-жақты. Қатты қауыз арқылы әдеттегіден ұзақ өмір сүруге болатынын аңдаппын. Зор ортаға сәлем жолдай отырып, Тіршілікті көмегімен атомның жою деген болар еді анық шешім, ақыл-үн. Тағы да еске саламын: желім іштім. Байқағаным, цифрлық код тартымды, жанып-өшсе қызарып және тұман ішінде көрінгенде бозарып. Қараңғы қойылып барады.

Сіз аудармашы бола аласыз

Осы өлеңді аударып, бізге өз нұсқаңызды жіберіңіз
Ян Вагнер
Ян Вагнер, 1971 жылы Һамбургте туған, 1995 жылдан Берлинде тұрады. Лирик, эссеист, ағылшын тіліндегі лириканы аударушы. 2003 жылға дейін Вагнер халықаралық "Die Aussenseite des Elementes" (Элементтің сыртқы жағы) әдеби қорабын – бір қорап ішіндегі жеке парақтарға жазылған өлеңдер жинағын – шығаруға қатысты. Алғашқы "Probebohrung im Himmel" (Аспанды ұңғып тесу сынағы) өлеңдер жинағын Вагнер 2001 жылы шығарды. Содан бері ол өз өлеңдерін көптеген өлең жинақтарында, антология, журналдарда жариялап, басқа сыйлықтармен қатар Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығын (2015) және Георг-Бүхнер сыйлығын (2017) алды. 2019 жылы Hanser баспасынан Вагнер мен Федерико Италианоның "Grand Tour. Reisen durch die junge Lyrik Europas" (Гранд тур. Еуропаның кейінгі лирикалық поэзиясына саяхат) антологиясы жарық көрді. Вагнер Неміс тіл және поэзия академиясының және Германия ПЕН-орталығының мүшесі.
Рике Шеффлер
Рике Шеффлер, 1985 жылы Берлинде туған, лирик, сазгер. Берлинде психология фекультетін, Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтын әдеби жазу мамандығы бойынша тамамдаған және көптеген ынталандыру сыйлықтарына, мысалы, Бранденбург қақпасы қорының, Берлин өнер академиясының және Гёте-Институттың стипендияларына ие болған. Оның "der rest ist resonanz"(қалғаны жаңғырық) өлеңдер жинағы 2014 жылы kookbooks-тен шығып, саяси және авангардтық шығарма ретінде Orphil-Debut сыйлығына ие болды. Шеффлер өз шығармаларын журнал, антологияларда жариялап, қайсыбірін сахналық өлең, мәтін және дыбыс коллажына айналдырады. Сол үшін ол басқа өнер иелерімен бірігіп жиі еңбектенеді және Берлиндегі KOOK e.V. әдебиет, музыка және өнерпаздар желісінің мүшесі. Шеффлердің кейінгі жұмыстарының ішінде оның 2019 жылы Париждегі Palais de Tokyo-да тұсаукесерін жасаған Becoming Water дыбыстық инсталляциясы да бар. Қазанда Kookbooks Шеффлердің "Federn im Flug" (Желдегі қауырсындар) өлең жинағын жарыққа шығарды.
Моника Ринк
Моника Ринк, 1979 жылы Цвайбрүккенде туған, Бохум, Берлин, Йельде дінтану, тарих және салыстырмалы әдебиеттануды оқыды. Ринктің шығармашылық жұмысы бірнеше саланы қамтиды: лирика, эссе және проза, аудармамен айналысады және әнге мәтін жазады. Қосымша өзінің begriffsstudio-сымен (терминдер студиясы) бірге үздіксіз ұлғайып келе жатқан Қазіргі заман лексиконының өзінше бір түрімен жұмыс істейді, оған күнделікті ақпарат құралдарынан алынған ерекше ұғымдар мен сөзжасамдар түрткі болады. Әдеби шығармалары үшін Ринк көптеген марапаттарға ие болды, мысалы, Эрнст-Мейстер-сыйлығы (2008), Клейст-сыйлығы (2015), Эрнст-Яндл-сыйлығы (2017) және (2021) Берлиннің әдебиет сыйлығы. Шығармалары түрлі баспалардан, антологиялар мен әдеби журналдарда басылып шықты. Ринк Германия ПЕН-орталығының мүшесі, Неміс тіл және поэзия академиясының, өзі тұратын Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі.
Аня Кампманн
Аня Кампманн 1983 жылы Һамбургте туған. Университетте және Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтында оқыған. 2006 жылғы әдеби сайыстардағы алғашқы жетістіктерінен кейін өзінің лирикасы мен прозасы үшін бірнеше рет марапатталып, стипендия түрінде, мысалы, International Writing Program Iowa бағдарламасы бойынша, қолдау көрді. 2016 жылы "Proben von Stein und Licht" (Тас пен жарық сынамалары) лирикалық дебюті Hanser баспасының Edition Lyrik Kabinett басылымынан, 2017 жылы "Fischdiebe" (Браконьерлер) кітабы шықты. Оның 2018 жылы шыққан "Wie hoch die Wasser steigen" (Су қаншалықты көтеріледі) романы Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығына және Неміс кітап сыйлығына ұсынылып, бірнеше тілге аударылды. Ағылшын тіліндегі аудармасы 2020 жылы ҚШ-америкалық "National Book Awards" сыйлығына ұсынылды. 2021 жылы көктемде Hanser баспасынан Кампманның "Der Hund ist immer hungrig" (Ит қашанда аш) өлеңдер жинағы жарық көрді.