Рахымбаева Таңсұлу Ғизатуллаевна, 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
1989 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын тамамдап, бірнеше жыл неміс, ағылшын тілдерінің оқытушысы ретінде қызмет етті. Сол жылдары, кейін де әр түрлі салада қызмет ете жүріп, бос уақытын аудармаға арнайтын. 2019 жылдан бастап аударма саласына түбегейлі бет бұрып, аударма жұмысымен айналысып келеді. Қазақстандағы Гёте-Институттың аударма саласын қолдау бағытында өткізген семинар, жобаларына, Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының жобаcына, 2018 жылы Гамбург (Германия) қаласында өткен "Kein Kinderspiel!" ("Баланың ойыны емес") атты аудармашылар семинарына қатысып, 2019 жылы Лоорендегі (Швейцария) аудармашылар үйінің стипендиясын иеленді. Қазақ ақын-жазушыларынан Абай, Ілияс Жансүгіров, Айгүл Кемелбаева, неміс ақын-жазушыларынан Иоһан Вольфгаң фон Гөте, Аня Туккерман, Штефани Һөфлер, Оле Көнекке, Иенс Раcмустың шығармаларын аударуға үлес қосты.
Менің аудармаларым