tang, (Ян Вагнер)
Өлеңдер
wieder ist da sein duft, durchdringt all die jahre, schwächer, unverkennbar: tang, in einem bestseller von miller oder young, gepreßt mit etwas sand, mürbe wie alte lederriemen, meereszügel; porös wie ein rangabzeichen, ein ordensband aus glorreichen zeiten, das uns peinlich berührt. kaum zu glauben, daß er einst unsichtbares in tanz zu übersetzen wußte; anmut ist eine frage der strömung, er beweist es, etlicharmige unterwassersirene, wenn auch stumm, ohne gesang. wie er sich um die schrauben schlang, mit all seiner nachgiebigkeit, ölig glänzend wie ringerkörper; wie er dem schwimmenden kalt ans bein griff, ihn als ertrunkenen begrüßte unter seinesgleichen. nach dreißig stunden sturm und wellengang als brandungsschlacke am strand: müde haufen von braun, die immer noch mühelos die dackel der urlauber verschlingen könnten; die abgestreifte puppe von etwas gewaltigem, das über nacht schlüpfte und fortflog, uns unerkannt entkam.
Теңіз балдырының хош иісі, Еріксіз мұрын жарады. Өзгеше, иісі жағымды, Жұпардай болып тарады. Миллердің немесе Юнгтің, Балдырлары да шамалы. Жұп-жұмсақ, теңіз көрпесі, Сонымен бізге бағалы. Алатын шеннен кем емес, Тараған елге атағы. Аңқыған иісі балдырдың, Қолқаны жарып барады. Таусылмас балдыр жырымдай, Тереңде жатқан құның бай. Жап-жасыл ұлпа билейді, Желкілдеп тұрған тұлымдай. Иісің мен түсің үйлесіп, Теңіз тәңірінің сыйындай. Ғажайып еді бұл қандай, Иірім толы балдырлар. Үйіріп тартып өзіне, Тарайды шашын ағындар. Өзеннің суы жап-жасыл, Айшықтап түскен сағымдар. Ағынды сумен жұлқынып, Ұйысып кейде дамылдар. Шарасыздықтан тал қармап, Тоғысып жатқан тағдырлар. Тереңге батқан амалсыз, Секілді бейне адамдар. Балдырдың бақытты ғұмырын, Шым-шытырыққа түсірген. Теңіздің соққан дауылы, Өмірдің сиқын кетірген. Буырқану сыры белгілі, Жалмауыз толқын көпірген. Жағаны жалмап әкетер, Тойымсыз басын көтерген. Өмірдің сыры осында, Өлім мен өмір арбасқан. Жағаны сулар ұрғылап, Есінен танып адасқан. Уақыт озса, жалт беріп, Ізіңді құм мен су басқан. Қоңырқай тірлік жалғасып, Кеудеңді ауыр мұң басқан. Еншілеп алып сыйыңды, Су шайып кетсе сорыңды. Белгі боп қалар артыңда, Қауқиған қоңыр үйінді.

Сіз аудармашы бола аласыз

Осы өлеңді аударып, бізге өз нұсқаңызды жіберіңіз
Ян Вагнер
Ян Вагнер, 1971 жылы Һамбургте туған, 1995 жылдан Берлинде тұрады. Лирик, эссеист, ағылшын тіліндегі лириканы аударушы. 2003 жылға дейін Вагнер халықаралық "Die Aussenseite des Elementes" (Элементтің сыртқы жағы) әдеби қорабын – бір қорап ішіндегі жеке парақтарға жазылған өлеңдер жинағын – шығаруға қатысты. Алғашқы "Probebohrung im Himmel" (Аспанды ұңғып тесу сынағы) өлеңдер жинағын Вагнер 2001 жылы шығарды. Содан бері ол өз өлеңдерін көптеген өлең жинақтарында, антология, журналдарда жариялап, басқа сыйлықтармен қатар Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығын (2015) және Георг-Бүхнер сыйлығын (2017) алды. 2019 жылы Hanser баспасынан Вагнер мен Федерико Италианоның "Grand Tour. Reisen durch die junge Lyrik Europas" (Гранд тур. Еуропаның кейінгі лирикалық поэзиясына саяхат) антологиясы жарық көрді. Вагнер Неміс тіл және поэзия академиясының және Германия ПЕН-орталығының мүшесі.
Рике Шеффлер
Рике Шеффлер, 1985 жылы Берлинде туған, лирик, сазгер. Берлинде психология фекультетін, Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтын әдеби жазу мамандығы бойынша тамамдаған және көптеген ынталандыру сыйлықтарына, мысалы, Бранденбург қақпасы қорының, Берлин өнер академиясының және Гёте-Институттың стипендияларына ие болған. Оның "der rest ist resonanz"(қалғаны жаңғырық) өлеңдер жинағы 2014 жылы kookbooks-тен шығып, саяси және авангардтық шығарма ретінде Orphil-Debut сыйлығына ие болды. Шеффлер өз шығармаларын журнал, антологияларда жариялап, қайсыбірін сахналық өлең, мәтін және дыбыс коллажына айналдырады. Сол үшін ол басқа өнер иелерімен бірігіп жиі еңбектенеді және Берлиндегі KOOK e.V. әдебиет, музыка және өнерпаздар желісінің мүшесі. Шеффлердің кейінгі жұмыстарының ішінде оның 2019 жылы Париждегі Palais de Tokyo-да тұсаукесерін жасаған Becoming Water дыбыстық инсталляциясы да бар. Қазанда Kookbooks Шеффлердің "Federn im Flug" (Желдегі қауырсындар) өлең жинағын жарыққа шығарды.
Моника Ринк
Моника Ринк, 1979 жылы Цвайбрүккенде туған, Бохум, Берлин, Йельде дінтану, тарих және салыстырмалы әдебиеттануды оқыды. Ринктің шығармашылық жұмысы бірнеше саланы қамтиды: лирика, эссе және проза, аудармамен айналысады және әнге мәтін жазады. Қосымша өзінің begriffsstudio-сымен (терминдер студиясы) бірге үздіксіз ұлғайып келе жатқан Қазіргі заман лексиконының өзінше бір түрімен жұмыс істейді, оған күнделікті ақпарат құралдарынан алынған ерекше ұғымдар мен сөзжасамдар түрткі болады. Әдеби шығармалары үшін Ринк көптеген марапаттарға ие болды, мысалы, Эрнст-Мейстер-сыйлығы (2008), Клейст-сыйлығы (2015), Эрнст-Яндл-сыйлығы (2017) және (2021) Берлиннің әдебиет сыйлығы. Шығармалары түрлі баспалардан, антологиялар мен әдеби журналдарда басылып шықты. Ринк Германия ПЕН-орталығының мүшесі, Неміс тіл және поэзия академиясының, өзі тұратын Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі.
Аня Кампманн
Аня Кампманн 1983 жылы Һамбургте туған. Университетте және Лейпцигтегі Неміс әдебиет институтында оқыған. 2006 жылғы әдеби сайыстардағы алғашқы жетістіктерінен кейін өзінің лирикасы мен прозасы үшін бірнеше рет марапатталып, стипендия түрінде, мысалы, International Writing Program Iowa бағдарламасы бойынша, қолдау көрді. 2016 жылы "Proben von Stein und Licht" (Тас пен жарық сынамалары) лирикалық дебюті Hanser баспасының Edition Lyrik Kabinett басылымынан, 2017 жылы "Fischdiebe" (Браконьерлер) кітабы шықты. Оның 2018 жылы шыққан "Wie hoch die Wasser steigen" (Су қаншалықты көтеріледі) романы Лейпциг кітап жәрмеңкесінің сыйлығына және Неміс кітап сыйлығына ұсынылып, бірнеше тілге аударылды. Ағылшын тіліндегі аудармасы 2020 жылы ҚШ-америкалық "National Book Awards" сыйлығына ұсынылды. 2021 жылы көктемде Hanser баспасынан Кампманның "Der Hund ist immer hungrig" (Ит қашанда аш) өлеңдер жинағы жарық көрді.